
Жаз мезгілі – баланың денсаулығын нығайтуға, таза ауада серуендеп, жаңа әсерлер алуға қолайлы уақыт. Дегенмен, жаз айларында жарақат алу, күн өту, күйік шалу, ішек инфекциялары сияқты қауіптердің де арта түсетінін естен шығармаған жөн. Сондықтан ата-аналардың басты міндеті – балалардың қауіпсіз әрі пайдалы демалысын ұйымдастыру.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- Көшедегі қауіпсіздік
- Баланы көшеде немесе ойын алаңында қараусыз қалдырмаңыз.
- Жол қозғалысы ережелерін үнемі еске салып отырыңыз.
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және олармен бірге кетпеу керектігін түсіндіріңіз.
- Серуендеуге қауіпсіз ойын алаңдарын таңдаңыз.
- Күннен қорғану
- Ыстық күндері бала міндетті түрде бас киім киюі керек.
- Киімі жеңіл, ашық түсті және табиғи матадан болғаны дұрыс.
- Сағат 11:00 мен 16:00 аралығында күн астында ұзақ жүруден сақтаныңыз.
- Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес күннен қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз.
- Баланың жеткілікті мөлшерде су ішуін қадағалаңыз.
- Су айдындарындағы қауіпсіздік
- Балалар тек ересектердің тұрақты бақылауымен ғана суға түсуі керек.
- Арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға рұқсат беріңіз.
- Баланың су жағасында жалғыз ойнауына жол бермеңіз.
- Судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
- Жарақаттанудың алдын алу
- Велосипедтің, самокаттың және басқа да спорттық құралдардың жарамдылығын тексеріңіз.
- Қорғаныш құралдарын (шлем, тізеқап, шынтаққап) пайдаланыңыз.
- Балалардың жол бойында, құрылыс алаңдарында және қауіпті жерлерде ойнауына жол бермеңіз.
- Ішек инфекцияларының алдын алу
- Тамақтанар алдында және серуеннен кейін қолды мұқият жууға үйретіңіз.
- Жемістер мен көкөністерді жақсылап жуыңыз.
- Азық-түліктің сақтау мерзімін қадағалаңыз.
- Белгісіз су көздерінен су ішуге рұқсат бермеңіз.
- Жәндіктерден сақтану
- Масалар мен кенелерден қорғайтын қауіпсіз құралдарды қолданыңыз.
- Орманға немесе саябаққа барғаннан кейін баланы мұқият қарап шығыңыз.
- Жәндік шаққан жағдайда алғашқы көмек көрсетіп, қажет болса дәрігерге жүгініңіз.
Жазда баланы немен айналыстыруға болады?
- Таза ауадағы қимылды ойындар.
- Спорттық жаттығулар мен жарыстар.
- Табиғатты бақылау.
- Кітап оқу.
- Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру сияқты шығармашылық жұмыстар.
- Жасына сәйкес еңбек әрекеттеріне қатыстыру.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің назарлығы мен жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз балаңыздың денсаулығын қорғап, жазғы демалысын қызықты, пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне жағдай жасайсыз.
Балаларыңызды қорғаңыздар! Жаз мезгілі қуанышқа, денсаулыққа және жақсы әсерлерге толы болсын! ☀️🌿👨👩👧👦

