Бала неге сөйлемейді: ата-аналардың жиі жіберетін 5 қателігі

Әдетте, бала мидың нақты бөліктерінде сөйлеу қызметіне жауап беретін нейронды байланыстардың жетімсіздігінен кеш сөйлейді. Оған гипоксия секілді құрсақішілік проблемалар әсер етеді. Бұл проблеманың салдары жайлы хабардар ата-аналар жүктіліктің соңғы айларында дәрігерге қаралып, жаңа туған нәрестеге арналған жаттығулар жиынтығын алады. Алайда бала 2,5-3 жасында сөйлеп бастамаса, оның ата-анасы бір немесе бірнеше қателік жіберген болуы да мүмкін.
1. Ата-аналар сәттерді өткізіп алады.
Ата-ананың жаңа туған нәрестенің даму кезеңдері жайлы білгені дұрыс. Егер олар одан хабарсыз болса, баланың туылғаннан кейінгі дұрыс емес дамуына мән бермеуі мүмкін. Нәтижесінде, ол баланың сөйлеуін тежейді. Мысалы, әке мен ана баланың зияткерлік дамуына ірі және ұсақ моториканың қажет екенін білмей қалуы мүмкін. Ал ол арқылы баланың сөйлеуі мен басқа да маңызды қызметтері дамиды.
Жаңа туған нәрестенің моторикасын дамытудың маңызды кезеңдері: затты аңду, ұстау, бір қолдан екінші қолға беру, ойыншықтарды ауызға салып көру, аунау, еңбектеу, алғашқы қадамын жасау. Бұл кезеңнің әрбіреуі қажет, егер олардың біреуі жасалмаса, бірдеңе дұрыс емес болуы мүмкін.
